ШҰҒЫЛ! Жемқорлық фактілері азайған Толығырақ

Дариябеков Дәурен Сейілбекұлы

Дариябеков Дәурен Сейілбекұлы​, Директордың орынбасары - Бас редактор

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Философия ғылымдарының магистрі, Дінтану ғылымы бойынша PhD докторант.  Еңбек жолын «Қазақстан» Ұлттық телеарнасында бастап, «Дала-думан», «Қолтаңба», «Келбет», «Тау тұлға», «Ілік септігі», «Жарқын бейне», «Ғибратты ғұмыр», «Кітапхана», «Өркениет» бағдарламаларын дайындады. 2009 жылы ерлерге арналған «Дарабоз» журналының бас редакторы қызметін атқарды. 2009-2012 жылдары «Қазақстан» телеарнасы мен «Мәдениет» арнасында жоба жетекшісі, редакторлық қызметтер атқарды. 2012-2013 жылдары әскери-патриоттық "Ақсауыт" бағдарламасын ашып, жүргізуші, редактор-сценарист болды. 2013-2015 жылдары "Қазақстан" ҰТА Ақпараттық бағдарламалар дирекциясының Алматы бюросын басқарды. 2015-2017 жылдары  "Қазақстан" ҰТА Бағдарламалар өндірісі жөніндегі Шығармашылық Бірлестігін басқарып,  Атқарушы продюсер қызметін атқарды. 2017  жылдың қаңтар айынан  бастап "Қазақстан-Қостанай" облыстық филиал директорының орынбасары – Бас редактор болып  тағайындалды.

 2009 жылы тарихи-танымдық "Тау тұлға" бағдарламасындағы Бауыржан Момышұлының телепортрет үшін Б.Құсанбек атындағы Республикалық тележурналистер конкурсының жеңімпазы атанды. Шығармашылық табыстары үшін  "Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-не 80 жыл" алтын медалімен марапатталған. Ш.Айманов атындағы "Қазақфильм" киностудиясында халық жазушысы М.Мағауин туралы "Мен" деректі фильмінің редакторы, көрнекті ғалым Тұрсынбек Кәкішұлы туралы "Ақиқат жебесі" деректі фильмінің режиссері әрі сценарисі болды. 2016 жылы Оңтүстік Кореяда өткен ХХІ Пусан кинофестивалінде Гран-При иеленген "Өліара" қысқаметражды көркем фильмінің Атқарушы продюсері. Бұл кинокартина Ресейде өткен "Кинопроба" байқауында да «Үздік режиссер» аталымы бойынша жеңімпаз атанды. 50-ден астам ғылыми және публицистикалық мақалалардың авторы.