ШҰҒЫЛ! Жемқорлық фактілері азайған Толығырақ

Мұкатов Қайрат Төлепбергенұлы

Мұкатов Қайрат Төлепбергенұлы, редактор, жүргізуші.

 

1964 жылы 24 маусымда дүниеге келген. 1986 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ Мемлекеттік Университетінің журналистика факультетін тәмамдаған.

Еңбек жолын облыстық «Ленинский путь» ( Қостанай қ) газетінің ауыл шаруашылығы бөліміне тілшісі боп бастаған. 1987 жылы «Авангард» ( Жітіқара қ)гаетінде тілші болып істеді.

1988-1989 жылдары Қостанай облысы Жітіқара аудандық комсомол комитетінің  2-ші хатшысы болып сайланды.

1989-1990 жылдары облыстық «Мы – вместе!» («Біз біргеміз»)жастар газетінің редакторы болды.

1990-1991 жылдары -  Қостанай облыстық мемлекеттік  телерадиокомпаниясында редактор болып еңбек етті.

1991-1993 жылдары «Интерстан» ( Қостанай қ)телерадиокомпаниясының бас редакторы болды.

1993- 2002 жылдары -  Қостанай областық телерадиокомпаниясында:  ақпараттық бағдарламалар бас редакторы,  «Неделя»ақпараттық-сараптама бағдарламасының жүргізушісі және авторы, «Криминал»танымал бағдарламасының жүргізушісі.  

2002-2003 жылдары - ТВ «AVA»бас редакторы, Қостанай қ ( «31 канал»филалы Алматы қ).  

2002-2003 жылдары-Қостанай облыстық ҚР АШМ аумақтық басқармасының баспасөз хатшысы.

2004 жылы  ФАО «АТФБанк»  Қостанай қ, маркетинг бойынша жетекші маман қызметін атқарды. Кейін 2007 жылы  «РУХ»  телестудиясының директоры болдым.2012 жылы «Қазақстан-Қостанай» Қостанай облыстық телекомпаниясына тақырыптық хабарлар  редакторы болып қызметке қабылданды.

    1997 жылы  мемлекеттік   «RTR» телеканалында Анкара қ. (Түркия) білім жетілдіру курсынан өттім.  Облыс пен республикалық шараларды насихаттаудағы ерен еңбегі үшін «Астана» медальімен марапатталды, Бірнеше  телевизиялық байқаулардың жүлдегері, Қостанай облысы Әкімінің және  Қостанай облысы ІІБ , облыстық ауыл шаруашылығы Департаменті, «Зерновой индустрии Казахстана» т.б .грамоталарымен марапатталды.