ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

Хвалина Анастасия Васильевна

    Хвалина Анастасия Васильевна, редактор-жүргізуші.

  1987 жылы 7- ші сәуірде  Қостанай қаласында туды.  2005 жылы  № 18- ші орта мектепті ерекше үлгідегі аттестатпен   (үздік бағамен ) аяқтады.  Сол жылы  мемлекеттік грантқа қол жеткізіп, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің «журналистика» мамандығына түсті.

  Шығармашылық жолын мектеп қабырғасынан бастаған еді. 7- ші сыныпта «Зеленое яблоко» қалалық балалар газетіне келді. Сөйтіп, баспасөз бетінде алғашқы мақалалары жарық көрді. Және ақшалай сыйақы алды.  Бірақ, ең бастысы осы мамандыққа деген қызығушылығы артып , сөз  құдыретін  түсіне бастады.    Ал 11- шы сыныпта менің мақалалары  «Костанайские новости» аймақтық газетіне шыға бастады.

  2008 жылдың мамыр айында 3- ші курста оқып жүрген кезімде  «Қазақстан-Қостанай» телеарнасына келіп, «Жаңалықтар қызметіне»  редактор  болып жұмысқа орналасты. Бүгінде осында жемісті  еңбек етіп келеді. Күнделікті, ақпараттық  бағытта   жаңалықтарға сюжеттер және аймағымыздың экономикалық  - әлеуметтік, мәдениет саласында арнайы репортаждар дайындайды. Сондай-ақ «Бірінші студия» қоғамдық- саяси бағдарламасының жүргізушісі.  (Сан салада қызмет етіп жүрген басшылармен өзара диалог  алаңы). Ақпараттық маңызы бар хабар аясында көрермендер де қонаққа өз сауалдарын жолдай алады.

  Біліктілігін арттырып,  мамандығымның  қыр сырына әбден қанығу үшін     арнайы семинарлар мен тренингтерге қатысты. 2005 жылы  «Поколение KZ» IV – ші жастар форумы, 2008 жылы «MediaNet»  халықаралық журналистика орталығы жанындағы   «Медийное и трудовое право»  курсы, 2010 жылы   «Қазақстан 2030»  стратегиясы және Елбасы жолдауын  жүзеге асыру аясында әдістемелік семинар ,    облыстық журналистер байқауының жеңімпазы (2011 ж), Қазақстан әйелдер қауымдастығының  III  деңгейлі лауреаты   (2011ж), «Қостанай облысы жастарының Алтын кітабының» лауреаты (2012 ж), Мақтау қағаздары мен алғыс хаттары бар.