ШҰҒЫЛ! Маңызды мерекелерге дайындық қызу Толығырақ

Барсақбаева Инара Мұратқызы

  Барсақбаева Инара Мұратқызы, редактор - жүргізуші. 

   1988 жылдың  16-шы ақпанында  Қостанай облысы, Әулиекөл ауданы , Ұшқарасу ауылында   туды.  1994 жылы  Ұшқарасу орта мектебіне оқуға қабылданып, оны 2005 жылы  аяқтап шықты. Сол жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетіне , журналистика   факультетіне  оқуға түсті. Оқу орнын ерекше үлгідегі дипломмен (үздік бағамен) 2009  жылы аяқтап шықты.  Студенттік кезінде «Қостанай таңы» аймақтық  газетінде  мақалалары жарық көрді. 2006-2007 жылдары   «КН»  радосында Жаңалықтар тілшісі ретінде тәжірибесін шыңдады.  2008-2010  жылдары  УК 161/11  мемлекеттік мекемесіне  кеңсе инспекторы  болып   жұмысқа  орналасты. 2009-2011  жылдары  «ҚазТұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетінде»   заңгер мамандығы бойынша білім алды.

   2010 жылы  «Қазақстан-Қостанай»  телеарнасына   «Жастар тәжірибесі» мемлекеттік жобасы аясында  қызметке қабылданды.  Жарты жылдық тәжірибеден  кейін телекомпания тұрақты жұмыс  орнын ұсынды. Бүгінде осында  еңбек етіп келеді.  Күнделікті, ақпараттық  бағытта   жаңалықтарға сюжеттер және аймағымыздың экономикалық  - әлеуметтік, мәдениет саласында арнайы репортаждар әзірлейді.  Сондай-ақ «Бірінші студия» қоғамдық- саяси бағдарламасының жүргізушісі.  (Сан салада қызмет етіп жүрген басшылармен өзара диалог  алаңы). Ақпараттық маңызы бар хабар аясында көрермендер де қонаққа өз сауалдарын жолдай алады.  Және де 2015 жылдың қыркүйегінен  бастап «Бизнес – жаңалықтар» қоғамдық- экономикалық бағдарламасын дайындайды.  

  Біліктілігін арттырып,  мамандығымның  қыр сырына әбден қанығу үшін     арнайы семинарлар мен тренингтерге қатысты.  2013 жылы «Жас журналистер» форумына қатысты. Алғыс хаттар мен мақтау қағаздары бар. (Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай Мәдениет Басқармасы, «Қазақтелеом» телекоммуникациялар дирекциясы, «Қазақстан» ұлттық арнасы, «Нұр Отан» партиясы, Облыстық сот, Ішкі істер департаменті, Кәсіпкерлер палатасының мақтау қағазымен марапатталды). 2015 жылы «Қазақстан Журналистер Одағының» құрмет грамтосына ие болды. Сол жылы Мемлекеттік қызмет және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің ҚОФ «Үздік хабар» номинациясы бойынша жүлдегері атанды.